“Көлік жанып кеткен“: Қызылорда облысында әскерилер жол апатына ұшырағаны туралы ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде "Ақтөбе-Орал тасжолында әскерилер жол апатына ұшырағаны" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрда әскери техника өртеніп жатқаны көрінеді.

Қызылорда облысы Полиция департаменті өкілі жағдайға пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Audi және әскери КамАЗ жол апатына ұшыраған.

"Оқиға салдарынан бір адам қайтыс болды. Жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз