"Көлік жалға алған кезде нені ескеру керек?". Ерлерге кеңес

"Көлік жалға алған кезде нені ескеру керек?". Ерлерге кеңес
Фото: uslugio.com

Елімізде автокөліктерді жалға беру компаниялары тек мегополистерде жақсы дамыған. Көлікті жалға алар болсаңыз нені ескеру қажет және қандай қателік жібермеу керек. Осы сұрақтардың жауабын Massaget.kz тілшісі ұсынады.

        Автокөлікті алу үшін сіз 23 жастан асқан жеке жүргізуші куәлігі бар Қазақстан азаматы болуыңыз шарт. Егер шетел азаматы болсаңыз онда соны растайтын төлқұжат сондай-ақ 3 жылдық тәжірибесі бар жүргізуші куәлігі болуы керек.

© bycars.ru

Автокөлікті жалға алу мерзімі:

Көлікті  24 сағатқа ғана жалға ала аласыз. 1 ай немесе оданда ұзақ мерзімге автокөлік берілмейтінін естеріңізге саламыз. Келісім шартқа қол қойып, жалға алған көліктің сомасын сол мезетте төлейсіз. Егер де көлікті 24 сағаттан артық тізгіндесеңіз онда қосымша ақша төлейтініңізді ұмытпаңыз.

©freepik.com

Кепілге қосымша бөлек ақша бересіз:

Кепіл сомасы автомобиль класына және көлік құралын пайдалану аумағына байланысты болады. Көлікті бүтін күйінде қайта алып келген жағдайда сіз кепілге берген ақшаңыз қайтарылады.

Тарифтер:

        Егер де қосымша тарифтер тіркелген көлікті жалға алсаңыз онда сол тариф ішіне көлікті жуу, жанармайды толтыру кіреді.

© kolesa.kz

Жалға алғаныңыз үшін ақыны қалай төлейсіз?

         Жалдау ақысы пластикалық карталар бойынша және қолма-қол есеп айырысу арқылы жүреді. Шартты келісім жүргізілгеннен кейін жалдау мерзімі үшін 100% ақы төленеді.

© norma.uz

Келісімді уақытынан бұрын тоқтату:

         Ондай жағдайда сіз 24 сағат ішінде компания қызметкеріне хабарласып түсіндіресіз. Бірақ бір тәуліктің ақысын төлейтініңізді ұмытпаңыз.

© avtovzglyad.ru

Жергілікті жер бойынша шектеулер:

         Сіз көліктің жылдамдығын сағатына 70 шақырымнан асырмауыңыз тиіс. Сондай-ақ, көрсетілген арнайы шектеулі жерде ғана автокөлікті тізгіндей аласыз. Егер басқа аймаққа өтіп кетсеңіз онда 1 шақырым үшін артық 50 теңге төлейсіз.

  © elements.envato.com

Егер сіз жалға алған автокөлік ұрланса немесе ұрылған жағдайда не істейсіз?

       Егерде жол көлік оқиғасына тап болсаңыз және сіз алған көлікке зиян келетін болса онда оның барлық жөндеу жұмыстарына, қосалқы бөлшектеріне қалтаңыздан төлейсіз. Ол үшін ешқандай сақтандыру компаниялары жауап бермейді.

© pokatim.ru

Сіздің басқа да жауапкершілігіңіз:

      Жалға алған автокөлікті тізгіндегенде жол ережесін бұзатын болсаңыз өзіңіз жауап бересіз. Арнайы фото- видеоға түсіп қалсаңыз немесе дәл сол уақытта көлікке айыппұл салынатын болса оның барлығының шығынын сіз өтейсіз.

Көлікті жалға алар болсаңыз дәл осы ережелер мен шарттарды ұмытпағаныңыз абзал. 

Осыған дейін біз Қазақстандағы ең қымбат 5 үйдің тізімін жазған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы