- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ертіс туралы
Көлік Ертіске құлап кеткен: тірі қалған жалғыз жолаушы оқиға қалай болғанын айтты
Семейдегі жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Бір күн бұрын таңертең ішінде адамдары бар көлік жартастан Ертіс өзеніне құлап, суға батып кеткен болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі abainewskz-ке сілтеме жасап.
Бастапқыда полицейлер жартастағы қайғылы оқиғаның себебі жарыс болды деген нұсқаны алға тартты. Алайда кейінірек суға батып кеткен көліктен тірі қалған жалғыз адамнан жауап алынған соң апаттың себебі тежегіш пен газды шатастыру болғаны анықталды.
"Полицияның мәліметінше, оқиғаның себебі - көлікті тізгіндеу ережелерін бұзу. Жазатайым оқиға тежегіш пен газдың шатасуына байланысты болды", - деді Абай облыстық ПД өкілі.
Көлікте төрт адам болған. Жігіт пен қыз көліктен шығып үлгерген, бірақ қызды ағыс алып кеткен. Кейінірек оның денесі оқиға орнынан шамамен 11 шақырым жерде орналасқан бірінші шағынауданнан табылды.
Жүргізуші мен тағы бір жолаушы жоғалып кетті, оларды іздеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Ертіс өзеніне жарыс кезінде көлік құлап кеткені хабарланды.
Кейінірек оқиғаға қатысты тың деректер шықты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова