Павлодар облысында рөлде телефон ұстаған жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесуге тыйым салынғаны баршаға мәлім. Алайда көптеген жүргізуші жол қозғалысы кезінде гаджеттерді қолданудың қауіпті екенін түсінсе де, қауіпсіздік үшін құлаққаптар мен смартфондардан бас тартуға дайын емес, оның салдарын жете бағаламайды.
"Павлодар облысында жүргізушілердің көлік құралын басқара отырып, бір мезгілде смартфон қарауын жиі байқауға болады. Мұндай әрекеттер кейбір жағдайларда жол-көлік оқиғаларына әкеліп соқтырады. 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде ғана рөлде отырып ұялы телефон арқылы сөйлескен 3363 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.
Павлодар облысының полициясы жүргізушілерді барынша мұқият әрі сақ болуға шақырады. Егер қоңырау түсіп, шұғыл жауап беру қажет болса, көлікті тоқтатқан жөн немесе арнайы гарнитураны пайдалану керек. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге жолдан өту кезінде смартфон қолданбауға және құлаққаппен музыка тыңдамауға кеңес беріледі. Бұл жол-көлік оқиғасына ұшырауға себеп болуы мүмкін, ал оның салдарын болжау мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!