Көлік астында қалды: Павлодар облысында әйел қаза тапты
Павлодар облысында әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға таңғы сағат 06:00 шамасында Ақсу қаласының маңындағы Орловская Ляга су қоймасының жағасында болған. Екі әйел жол талғамайтын көлікпен балық аулауға шыққан.
Полицейлердің мәліметінше, көлік 47 жастағы облыс тұрғынына тиесілі. Тергеушілер көлікті жағаға қойғанда жүргізушінің қол тежегішін орнатпағанын анықтады. Осының салдарынан жол талғамайтын көлік 49 жастағы әйелдің үстіне құлап түскен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.
Көлік құралдарын пайдалану тәртібін бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының үшінші бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Павлодар облысының полиция департаменті мәліметінше, сараптама тағайындалып, көлік уақытша ұстау изоляторына қойылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек