Алматы облысында мектеп оқушысы өтіп бара жатқан көліктердің алдына секіріп ойнаған,, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде мектеп оқушысының экстремал әрекеті бейнеленген видео пайда болды. Онда орта мектеп оқушысы өтіп бара жатқан көліктер алдына шығып алғаны, кейін қауіпсіз жерге қайта секіргені бейнеленген.
Алматы облысының Полиция департаменті ювенал полиция қызметкерлері жол жиегіне шығып, кейін қайта қауіпсіз жерге секірген оқушының жеке басын анықтағанын хабарлады. Ол Казцик ауылындағы №6 мектептің оқушысы болып шықты.
"2010 жылы туған кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді полиция қызметкерлері.
Тәртіп сақшылары ата-аналарды баланың тәрбиесіне, оның ішінде жолда жүру ережелерін үйретуге міндетті екенін атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!