Қолжазбалар, теңгелер, тұрмыстық бұйымдар: Тоқаев Алтын Орда мұрасына арналған көрмемен танысты

Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған көрмемен танысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді.  

Мемлекет басшысына 70 археологиялық және сәулет ескерткішін қамтитын интерактивті карта, соның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген суреттер мен 3D-визуализация көрсетілді.  

Көрмедегі негізгі жәдігерлердің бірі – дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық мәліметі қамтитын "Хандар шежіресі" атты қолжазба. Сонымен қатар, Каталон атласы, жазба деректер, теңгелер және тұрмыстық бұйымдар бар. Жазба мұралар арасында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат пен 21 қолжазба түпнұсқа және электрон форматта ұсынылған.

  

Көрменің мақсаты – Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты насихаттау және оның ғылыми зерттеу аясын кеңейту.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!