Павлодарда скутер жүргізушісін қағып кетті. Скутер жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 00:00 шамасында Назарбаев даңғылы мен Естай көшелерінің қиылысында JAC автокөлігі мен ZIDANYI скутері соқтығысқан. Салдарынан скутер жүргізушісі жарақат алған.
Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Көлік пен скутер айып тұрағына қойылды.
Айта кетейік, бұл жол апаты болған көшелердің қиылысы халық арасында "Колхозшының өлімі" деп аталып кеткен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз