- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Колхоз сияқты“. Алматы...
“Колхоз сияқты“. Алматы әкімдігі Баян Алагөзованың наразылығына жауап берді
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Алматы көшелеріндегі жолдың сапасы мен жол жөндеу жұмыстарына шағым түсірген еді. Қала әкімдігі продюсердің наразылығына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қалалық қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасы мәліметінше, Панфилов пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы саябақ қайта жөндеуден өтіп жатыр. Жобада жаяу жүргіншілер жолы мен демалыс аймағын орналастыру, жарықтандыру қарастырылған. Жарықтандыру тіректерін орнатқаннан кейін шамдар қосылады. Саябақты абаттандыру биыл қазанда аяқталмақ.
"Видеодағы көшелер Алмалы және Медеу аудандарын қамтиды. Екі аудан әкімдігінен алынған мәліметтер бойынша аумақты тазалау және арық жүйелерін тазалау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Мердігерлер Медеу ауданындағы ескертулерге назар аударды, атап айтқанда, 1 қыркүйекте Төлебаев пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы кәріз құдықтарының айналасына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлады қала әкімдігінің өкілдері.
Әкімдік өкілдері Massaget.kz редакциясына істелген жұмыс нәтижелерін де көрсетті.
Алматы әкімдігі ұсынған сурет
Алматы әкімдігі ұсынған сурет
Айта кетейік, 1 қыркүйекте өнер иесі наразылығын әлеуметтік желіде жариялаған еді.
"Қазір жұбайыммен қаланың қақ ортасында серуендеп келеміз. Бұл - Бөгенбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысы. Мына қараңғылықты қараңызшы, құдды бір колхоз сияқты. Қараусыз қалған. Ал бұл - не жарығы, не шамы жоқ, түгі жоқ, оның үстіне, 1,5 жыл бұрын жөндеу жұмысы басталған саябақ. Бәрін қазып тастаған. Мұнда турист көп, бұл қаланың орталығы. Мен сондай әдемі қалада тұрамыз, ақша көп, көп салық төлейміз. Неге мынадай жерде тұрамыз?! Жыныма тиіп барады!"- дейді Баян Алагөзова видеода.
Бұдан басқа өнер иесі арық пен қоқыс мәселесіне тоқталды.
"Қараңыздаршы, бұл қаланың орталығы. Құрметті Медеу ауданының әкімдігі, мынау не?! Мәселен, биік өкше аяқ киім киген әйел мына жерде жазмыш болады. Жауапкершілік жоқ. Мынау арық. Бөтелке мен қоқысқа толып тұр. Бұл біздің азаматтық жауапкершілік, құрметті Алматы тұрғындары шошқа дер едім. Туған қаланы қалайша былай ластауға болады?! 3 метр ғана жүріп, бөтелкені қоқыс жәшігіне лақтыруға болады ғой! Қалай ұялмайсыңдар!" - дейді ол видеода.
Еске салайық, бұған дейін продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында "Үкімет менің үнімді естіді" деп жазба жариялаған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек