"Көлігіңіз өртеніп жатыр". Әкесіне пранк жасаған балаларының видеосы көпшілікті тәнті етті

Әлеуметтік желіде балаларының әкесіне көлік сыйлаған видеосы көпшілікті таңғалдырды. Видеоны Мереке есімді қолданушы жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бейнежазбадан байқағанымыздай үйдегі әкесін "көлігіңіз өртеніп жатыр" деп алдап сыртқа шығарады. Әкесі жүгіріп келгенде, балалары жаңа көлікті сыйға тартқан.

@merikowa

♬ Жаным әке - Ernar Aidar

Видеоға 45 мыңға жуық ұнату белгісі басылып, 900-ден астап пікір жазылған. 

Желі қолданушылары балаларының бұл қылығына сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді. "Әкем болғанда мен де көлік әперер едім", "әкесі бар адамдар бақытты", "әкеңіз аман болсын",  "жарайсыңдар", "әкеңізді риза етіпсіз", "ең үлкен еңбек" деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!