- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлгінов азық-түлікке қанша...
Көлгінов азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын айтты
Вице-премьер Алтай Көлгінов бір айда азық-түлікке қанша шығын кететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистер вице-премьерден азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын сұрады.
"Шамамен 300-350 мың теңге. Азық-түлікті қала дүкендерінен аламыз. Әйелім алады, кейде қолым тиіп жатса мен аламын", - деді ол журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Үкіметтің кеңейтілген отырысы кулуарында журналистер Астананың бұрынғы әкімінен өзіне қатысты айтылған сынға қалай қарайтынын сұрады.
"Білесіздер, жұмыста сын болады. Мен сынға объектив түрде қараймын. Бірақ атқарылған істерді де жоққа шығаруға болмайды. Бірлескен жұмысы үшін елордалықтарға алғыс айтамын, әріптестеріме ризамын. 3,5 жыл, бұл оңай жылдар болмады. Екі жыл пандемия, 2019 жылы да көптеген мәселе болды, әр жылдың өз қиындықтары бар. Бірақ елордалық ұжым (әкімдік – еск.) қолдан келгеннің бәрін жасады деп ойлаймын. Жаңа әкімге тек табыс тілеймін, астаналықтарға елордамыз дами берсін деп тілеймін", - деді Көлгінов журналистер сауалына жауап бере отырып.
Еске салайық, Алтай Көлгінов желтоқсанда Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек