- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлгінов Астана күні...
Көлгінов Астана күні қарсаңында неге отшашу болмағанын айтты
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Астана күні неге отшашу болмағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның айтуынша, отшашу болмауының себебі - ауа райы.
"Отшашуды жоспарладық, бірақ ауа райы болжамында қатты жел болып, жаңбыр жауатыны айтылған. Сондықтан тәуекел ете алмадық. Қала күнінде көзіміз жетті, кешке жаңбыр жауа бастады", - деді Алтай Көлгінов ОҚК брифингінде.
Көлгіновтің айтуынша, 2022 жылы Астана күнін тойлауға бөлінетін шығын бес есеге қысқарған, бұл шамамен 200 миллион теңге болады.
Ж. Қадыржанова"Жыл сайын тойлау тәсілі өзгереді, 2019 жылмен салыстырғанда, биыл 5 есе аз ақша жұмсадық. Мысалы, 100-ден аса іс-шара ұйымдастырдық, шараларға 20 мыңнан аса қала тұрғыны қатысты. Бұған жалпы, шамамен 200 миллион теңге жұмсалды, бұл - бес есе аз. Екі-үш ақылы, қалғаны тегін концерт болды. Қала тұрғындары мереке атмосферасын сезінгенін қаладық", - деді Нұр-Сұлтан әкімі.