Көлігіне жарықтандыру құрылғысын орнатқан ақтаулыққа айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Е-ге қатысты ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Жүргізуші Е. 2024 жылғы 27 қараша сағат 20:40 шамасында Ақтау қаласы 31 «б» шағынауданы 14 үйге қарсы тас жолда "TOYOTA CAMRY" көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл-көк түсті жарығы бар құрылғысын орнатқан күйі басқарған.
Сот жаза қолданғанда оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауын, бұрын әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылмауын ескерді, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Е. ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!