Көлігіне жарықтандыру орнатып алған ақтаулық жазаланды

Көлігіне жарықтандыру орнатып алған ақтаулық жазаланды
Фото: elements.envato.com

Көлігіне жарықтандыру құрылғысын орнатқан ақтаулыққа айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Е-ге қатысты ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Сотпен анықталғаны:

Жүргізуші Е. 2024 жылғы 27 қараша сағат 20:40 шамасында Ақтау қаласы 31 б шағын ауданы 14 үйге қарсы тасжолда TOYOTA CAMRY көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл-көк түсті жарығы бар құрылғысын орнатқан күйі басқарған.

Сот жаза қолданғанда оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауын, бұрын әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылмауын ескерді, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен:

Е. ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина