Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан Range Rover көлігін анықтаған.
Патрульдік полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтатпақ болған заңды талабына жүргізуші бағынбай, жол қозғалысы ережелерін бұзып, қашып кетуге әрекет жасаған.
Көлік тізгінінде Тараз қаласының 38 жастағы тұрғыны болған. Ол сот отырысына бірнеше рет келмегендіктен, мәжбүрлі түрде жеткізілген.
"Сот шешімімен жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова