Шымкентте екі ер адам кәсіпкерге тиесілі жүк көлігінің кілтін иемденіп, одан 10 миллион теңге талап еткен. Бұл туралы Шымкент Полиция департаменті өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, олар ақша берілмеген жағдайда жүк көлігін иесімен бірге өртеп жіберетінін айтып қорқытқан.
Алдын ала тергеу мәліметіне сәйкес оқиға қала базарларының бірінде болған. Ет өнімдерін тасымалдау барысында тауар бүлініп, тараптар арасында шығынды өтеуге қатысты дау туындаған.
"Жедел іс-шаралар барысында Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп, күдіктілерді талап етілген соманың 5 миллион теңгесін алып жатқан жерінен ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова