Сәулетшілер «елес» деп атап жүрген Лондондағы бұл инновациялық ғимараттан жерге көлеңке түспейді, – деп жазады 24.kz. Құрылыстың екі мұнарасы болады.
Олардың бірі күн сәулесін екінші мұнара түсіріп тұрған көлеңкеге бағыттап, шағылыстырады. Себебі, алғашқы мұнара қисайған зор айна іспеттес болып салынады. Оның ерекше пішінінің арқасында шағылысқан күн сәулесі көлеңке ізінен күні бойы ілесіп отырады. Сол арқылы ғимарат айналасындағы көлеңке 60%-ға қысқарады. Зәулім ғимараттың жобасын NBBJ компаниясы жасаған.
Мұнаралар Гринвич түбегінде салынады. Құрылыс кезінде қолданылатын технология қауіпсіздікті көбірек қамтамасыз етеді. Осыған дейін Walkie Talkie ғимаратына түсіп шағылысқан күн сәулесінің ыстығы оның жанында тұрған Jaguar көлігінің жекелеген бөліктерін балқытып жіберген еді. «Ал «елес» ғимараттың маңына көлігіңізді қойсаңыз мұндай жағдай болмайды», - дейді архитекторлар.
сурет: nydailynews.com