Қолды болған 191 млн теңге және 16 млн теңге пара: Түркістан облысында шенеуніктер тергеліп жатыр

Қолды болған 191 млн теңге және 16 млн теңге пара: Түркістан облысында шенеуніктер тергеліп жатыр
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының кейбір жергілікті атқарушы органдарының басшыларына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Комитет мәліметінше, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысына қатысты іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

"Сондай-ақ, Ветеринариялық қызмет басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру дерегі тергеліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

ҰҚК ресми ақпаратына сүйенсек, көрсетілген адамдар сот санкциясымен қамауда ұсталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget