Танымал актриса Ақбота-Нұр Қазақстандағы ең үздік үш актерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олардың қатарында актрисаның бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұлов та бар.
Әлеуметтік желіде актрисаның түрлі сұрақтарға жауап беріп, сұхбат берген видеосы жарияланды.
"Сіз үшін топ 3 актер немесе актриса кім?" деген сұраққа Ақбота-Нұр: "Дәурен Айдарқұлов, Шакенти-Шако және Елдос Шайкенов", - деп жауап берді.
Актрисаның бұрынғы күйеуі, актер Дәурен Айдарқұлов видеоның астына жүрекжарды лебізін жазып, алғысын білдірген.
"Рақмет, жылы сөздерің үшін! Осындай қолдау шабыттандырады және алға ұмтылуға күш береді. Сенің талантың ерекше және әр жобаңда осыны дәлелдеп келесің. Саған да тек сәттілік тілеймін!", - деп жазды актер.
Желі қолданушылары Ақбота-Нұр мен Дәурен Айдарқұловтың қайта қосылғанын қалайтын сияқты.
"Қайта қосылыңыздар, бір-бірлеріңізді әлі де сүйесіздер, көрініп тұр!", "Дәурен Айдарқұлов, давай, қайтып алсай" деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Айта кетейік, жақында Дәурен Айдарқұлов туған күнінде бұрынғы әйелі Ақбота-Нұр ерекше сыйлық жасағанын айтқан болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз