Жетісу облысының полициясы 1980 жылы туған Игорь Баланды іздестіріп жатыр. Ер адам осы жылы 5 қаңтарда Талдықорғанда аса ауыр қылмыс жасап, адам өлтірді деген айып тағылып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерекше белгілері: мойынның сол жағында шаян суреті бар (татуировка), қолдарының бірінде саусақ жоқ.
"Іздеудегі тұлғаның орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық адамға дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: (8-7282) 608066, (8-747-431-31-33, 8-778-654-86-86) немесе 102", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Талдықорғандағы Ақбастау көшесіндегі үйде тамағы кесілген екі адам өлі табылғанын хабарлаған едік. Жетісу облыстық полиция департаменті бұл фактіні растағанымен, қылмыстың жай-жапсары туралы ашып айтпады.
"Жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп хабарлады ведомство.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!