“Қолдар сөйлесін“. Райм мен Нұрболат Абдуллиннің суреті сынға қалды

Жақында Қызылорда қаласында бір сахнада ән шырқап, бірге концерт берген Нұрболат Абдуллин мен Раймның суреті желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қызылорда, күтіңіздер", - деген Нұрболат Абдуллин әлеуметтік желідегі парақшасында концертке дайындық барысынан бірнеше сурет жариялаған.

Желі қолданушылары қос әншінің бірге түскен суретіне түрлі пікір жазып жатыр.

"Қолдар сөйлесін деген сурет болып тұр ғой","Райм, жаттығу залына барсай, Еркеге қарай бермей", "Қалтырап, дірілдемей десеңші", "Қасындағы Еркенің баласы ма?", "Раймға семір деші, Нұрболат" деп желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!