- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- НУ қолдаған стартап....
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Қазақстандық жас мамандар Назарбаев университеті қолдауымен дәріханадан дәріні өздері қалаған бағада сатып алуға болатын онлайн-платформа жасап шықты. Бұл СЕО жоба жайлы Tengrinews.kz тілшісіне Пилюля.kz мүшесі Алина Акас толығырақ айтып берді.
Алина Акас платформаны InDriver сияқты етіп жасауға қызыққан. Онда сатушы емес, сатып алатын адам бағаны қояды.
• клиент қажетті дәрінің фотосын немесе атын тереді;
• тапсырысты көрген дәріханалар өз ұсыныстарын білдіреді;
• клиент арасынан өзіне ұнаған ұсынысты қабыл алып, үйге дейін жеткізу немесе барып өзі алу қызметін таңдай алады;
Баға барлық тізім бойынша жасалады. Осыған қарай дәріханалар белгілі бір мөлшерде жеңілдік жасай да алады.
Алина Акастың ойына идея пандемия басталмай тұрып келген. Бірақ жобаны карантин кезінде жүзеге асыруға тырысқан.
"Кезекті check-up тексеруінен өтіп, дәрігер ішуге ұсынған дәрілер тізімін алып шықтым. Ал дәрілерді іздеу үшін 40 минуттай уақытым кетті. Әр дәріханаға хабарласып, бар-жоғын сұрадым. Оны барып сатып алуға асықтым. Осы кезде "Мен дәріқағазды жіберіп, олар маған неге ұсыныс айтпасқа" деген ой келді, - дейді Алина.
Бұл идеяны жүзеге асыруға Алинаның жұбайы, стартап жұмыстарда тәжірибесі бар Иман Акас пен Бауыржан Махай (техникалық директор) көмек қолын созған. Олар NURIS (Nazarbayev University Risk-taking Inspiration Synergy) бағдарламасына қатысуға бел буған. Олардың өтініші қанағаттандырылып, оған қолдау алу үшін 2,5 айдай уақыт кеткен.
"Бізде нағыз мықты, өзінің шебері саналатын техникалық директор бар. NURIS арқылы біздің команда жобасын жүзеге асырғалы жатыр. Олар нақты сұрақтарын қойып, жақсы адамдармен таныстырды. Дедлайн арқылы бізге серпін беріп, жобамыз жылдам алға басты", - дейді Алина.
Назарбаев университетіндегі стартап жобаларды қолдау бағдарламасы жайлы мына сілтемеге өтіп таныса аласыз.
Алинаның айтуынша, сервисті көбіне әйелдер пайдаланады екен.
"Отбасыда сауданың 80%-н әйелдер жасайды деп саналады. Бізде де солай. Аналар үшін балалары ауырғанда уақыт маңызды. Дәріханаға барып келудің өзі мұң болары анық. Мұндай жағдайда біз жасаған платформаның көмегі тиеді деп ойлаймын", - дейді.
Әрине, дәріні көбіне жасы келген кісілер іздейді. Өкінішке қарай, олар интернеттен іздей қоймайды. Мұндайда балалары мен немерелері көмектесетін болады.
Пилюля.kz командасы NURIS Cluster-дің қаржылық қолдауына ие болған.
"Біз Нұр-Сұлтан мен Алматыда нарықта жауласақ дейміз. Грант бойынша алған 2 миллион теңге жобаны алға жылжыту үшін жұмсалады", - дейді Алина.
Ал жобаны Қазақстан нарығына толыққанды шығару осы жылдың қараша айына жоспарланып отыр.
Н. Үсенова