- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қолайсыз ауа райына...
Қолайсыз ауа райына байланысты Астана – Көкшетау тасжолы жабылды
Фото:
depositphotos.com
Ақмола облысында ауа райына байланысты республикалық маңызы бар тасжол жабылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 қазан күні сағат 17:00-ден бастап республикалық маңызы бар Астана – Петропавл (18-шақырымнан 304-шақырымға дейін), Астана – Щучье – Көкшетау учаскесінде көлік қозғалысы жабылады.
Ауа райы жақсарғанша жол көліктің барлық түрі үшін жабылады.
Бұған дейін Алматы – Өскемен тасжолының учаскесінде көлік қозғалысы үш күнге шектелетінін жазған едік.
Алматы – Өскемен (Алматы – Қапшағай) автожолының 38+800 шақырымынан 46-шақырымына дейінгі ақылы жол учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу қойылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан