2023 жылғы 12 желтоқсан сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райына (ауа температурасының төмендеуі, қарлы боран, көрінудің төменгі көрсеткіші) байланысты 11 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 65 учаскесінде көлік қозғалысы үшін шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында - 20 учаске
Барлық бағыт бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)
Ақтөбе облысында – 1 учаске
"Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Костанай" 0-234-шақырым, Қарабұтақ а.-Қостанай обл. шек.
Алматы облысында - 4 учаске
Жетісу облысында - 1 учаске
"Үшарал-Достық" 84-184-шақырым, Көктұма ст.-Достық ст.; (барлық автокөлік үшін)
Жамбыл облысында - 6 учаске
Барлық бағыт бойынша (дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)
Қарағанды облысында - 7 учаске
Барлық бағыт бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)
Қостанай облысында - 7 учаске
(жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)
Маңғыстау облысында – 2 учаске (барлық автокөлік үшін)
Павлодар облысында– 2 учаске
(жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)
Солтүстік Қазақстан облысында – 14 учаске
(жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)
Түркістан облысында – 1 учаске
"Алматы-Ташкент-Термез" 593-652-шақырым, Жамбыл обл. шек.-Машат а. (жүк автокөліктері үшін)
Ұлытау облысында – 1 учаске
"Қызылорда-Павлодар" 756-788-шақырым, Жаңаарқа а.- Қарағанды обл.шек. (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 451 бірлік техника мен 907 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 1 108 текше метр көктайғаққа қарсы материал жұмсалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!