- Негізгі бет
- LifeStyle
- Қол ұстасып жүрген...
Қол ұстасып жүрген Нұрлан Әлімжан мен Айгерім Қалаубаева сынға қалды
Танымал әнші Нұрлан Әлімжан мен Айгерім Қалаубаеваның қол ұстасып жүрген видеосы желіде тарап, қолданушылардың сынына қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Концерт пен тойларда бірге дуэт орындап жүрген әншілердің арасындағы қарым-қатынас бұған дейін де жиі талқыға түсіп жүр еді. Жақында Нұрлан Әлімжан мен Айгерім Қалаубаева қол ұстасып жүрген видеосын жариялады. Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазып жатыр. Олардың бір тобы екеуінің әдейі жұп болып көрінетінін жазса, енді бірі шын жүректен бақыт тілеп жатыр.
"Әрбір адам бақытты болуға міндетті, онда тұрған ештеңе жоқ, алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз", "Екеуі ешқандай жұп емес, тек контент үшін осылай елді ұстап тұр, өздерін жұп қылып көрсетеді", "Әрбір адам бақытты болуға міндетті, онда тұрған ештеңе жоқ, алдымызда не күтіп тұр, білмейміз", "Ешкімді тыңдамаңдар. Тұратын сендер. Бақытты болыңдар" деп жазып жатыр желі қолданушылары.
@aikerim.kalaubaeva 😱😱😱
♬ Менің әлемім - Жолдасбек Абдиханов
Еске салайық, жақында танымал әнші, актер Нұрлан Әлімжан "1001 түн" телебағдарламасына берген сұхбатында өзін Әйгерім Қалаубаевамен қосатындарға жауап берген болатын.
"Мен тек Әйгеріммен дуэт айтамын, Әйгерім тек менімен дуэт айтады. Осындай ой бар. Өйткені біз бұған кәдімгі жоба ретінде қарап жатырмыз. Бұған дейін арасында ғана той жүргізген кезге әндеріміз болсын десек, енді кәсіби тұрғыдан қараймыз. Әрбір үтір-нүктесіне дейін, оның киімі, стилі, клипіне мән береміз, өзінің жүйесі болуы керек", – деп жауап берген еді өнер иесі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева