- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көл жағасында киімдері...
"Көл жағасында киімдері жатты". Балқашта 130 полицей іздеген 15 жастағы қыз өлі табылды
Балқашта жоғалған қызды іздеуге 130-дан астам полиция қызметкері мен ерікті жұмылдырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға 10 желтоқсанда кешкілік уақытта жергілікті тұрғыннан 15 жастағы қызының жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Азамат арызында күндізгі сағат 16:00 шамасында қызы би үйірмесіне шығып, одан оралмағанын айтты.
Іздеу жұмыстарына қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері дабыл жүйесі бойынша көтеріліп, іздеу басталды. Баланың болуы мүмкін деген такси және көлік тұрақтары тексеріліп, қала жолдарындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу, барлық аулаларға қарау жұмыстары жүргізілді.
Іздеу жұмыстарына еріктілер, қала тұрғындары ат салысты. Іздеу жұмыстары 11 желтоқсан күні таңертеңгілік Балқаш көлінің маңына алып келді.
Көл жағасынан жоғалған қыздың киімдері табылды. Осы уақыттан бастап көлдің аумағын қарау жұмысы жүргізілді. Сағат 13:36 шамасында көлден 40-50 метр қашықтықта, 2,5-3 метр тереңдікте қыздың мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина