- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қол-аяғы скотчпен байланған:...
Қол-аяғы скотчпен байланған: жетінші сынып оқушысы көшеден жалаңаш күйде табылды
Қырғызстанда Шу облысында жетінші сынып оқушысы көшеден қол-аяғы байланған, жалаңкаш күйде табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ға сілтеме жасап.
Оқиға 24 қазанда болған. Мектеп оқушысын зейнеткерлер тапқан. Қыз ес-түссіз күйде көшеде жатқан.
"Қыздың аяғы мен қолы скотчпен байланған, аузына шүберек тығып қойған. Шалбары мен ішкиімі шешілген. Жасөспірімді босатып, аузынан шүберекті алғанда, есін жиды", - делінген басылым мәліметінде.
Куәгерлер полиция мен қыздың туыстарын шақырған. Мектеп оқушысы патронатта тәрбиеленетіні белгілі болды.
Құзырлы органдар ақпаратты растады. Бұл дерек аудандық полицияда тіркелген. Жәбірленушіден сараптама, жауап алынды.
Сонымен қатар, күдіктілер анықталғаны, жауап алынғаны айтылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова