“Қол-аяғы, аузы скотчталған“: журналист жағаұстатар жайтқа қатысты тың дерек айтты

17 жыл бойы құлдықта болған қыздардың бірі Құндыздың желіде тараған суреті қоғамды алаңдатып қойды. Журналист Руслан Өтепбай мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін 17 жыл құлдықта болған қыздың жантүршігерлік суреті тарап кетті. Желіде тараған кадрда қыздың қол-аяғы, аузы скотчпен оралғаны көрінеді. Оқиға Таразда болған. 

"Суреттің тарихын Құндыздың өзінен сұрап білдім. Зүлфия Төленова Құндызды байламаса, Құндыз жала жаппайды ғой! Мен өз басым Құндызға сенемін! Бұл дерек бойынша Зүлфия Төленованың үстінен қылмыстық іс көтерілді!" - деді журналист.

Бұл жағдайға Жамбыл облысы Полиция департаменті пікір білдірді.

"Бұл бейнежазба шұғыл назарға алынып, полиция бөлімінде тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері барлық мән-жайды жан-жақты әрі мұқият анықтауға бағытталған тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді полиция бұған дейін.

Қазақстанның оңтүстігінде апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары алғаш рет "Көреміз" бағдарламасында көтерді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз