2024 жылы "Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болғаны" туралы ақпарат қоғамды дүрліктірген еді. Журналист Руслан Өтепбай қыздардың қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде қыздардың бірі Құндыздың жантүршігерлік суреті тарап кеткен.
"Әлеуметтік желіде Құндыздың қолы мен аяғы, аузы скотчталған сурет таралып жатыр. Анығын білейін деп қамқоршысына хабарластым. Бірақ әңгімесі қисынға келмейді. "Байлаған мен емес" деп ақталып жатыр. Мен сенбеймін! Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары, Тараз қаласының Полиция департаменті, мына мәселені назарға алыңыздар! Ертең жолға шығамын!" - деді ол.
Бұл жағдайға Жамбыл облысы Полиция департаменті пікір білдірді.
"Бұл бейнежазба шұғыл назарға алынып, полиция бөлімінде тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері барлық мән-жайды жан-жақты әрі мұқият анықтауға бағытталған тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанның оңтүстігінде апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!