Ақтау тұрғындары үйінің маңындағы жол жөндеу жұмыстарына наразы. Қалалық құрылыс бөлімінің өкілі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгердің айтуынша, жол жөндеп жатқандар 15-шағынаудандағы 46-үйдің алдындағы жолда ішінде қоқыс толы шұңқырға асфальт құйып тастаған.
"Құрылыс қоқыстарының үстіне асфальт төсепті. Бұл ұзаққа дейін тұра ма? Арғы күні жаңбыр жауады", - деп шағымданды 15-шағынаудан тұрғыны.
Халық жөндеу жұмысы бұлай жүргізілмеуі керек екенін айтты.
"Алдымен шұңқыр тазалануы керек. Содан кейін асфальтті шұңқырға құяды, кейін тегістеледі, тығыздалады", - деді тағы бір тұрғын.
Ер адамның пікірінше, мұндай жөндеу жұмыстары кем дегенде бір қысқа шыдас береді.
Әкімдік өкілдері жағдайды түсіндірді.
"Бұл жұмыстар мердігерлік ұйымның жоспарында болған жоқ, алайда абаттандыру жұмыстарын жүргізу кезінде олар шұңқырды көріп, осы аумақты дұрыстауға шешім қабылдады. Уақытша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаражат бөлінуіне қарай осы жолды толық қайта жөндеу жоспарланып отыр. Жоба дайын", - деп түсіндірді қалалық құрылыс бөлімінің өкілі.
Еске салайық, бұған дейін 60 жыл бұрын салынған жол жұрт наразылығын туғызғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!