Қазақстандықтар қоқысты дұрыс емес жерге лақтырғаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған. Конституцияның 24-бабына сәйкес мәжбүрлі еңбекке қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы сот актісі негізінде ғана жол беріледі.
"Қазір қолданыстағы заңнама ҚР Қылмыстық кодексінің 43-бабы шеңберінде қоғамдық жұмыстар қолданылады. Конституцияның 24-бабы әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша мәжбүрлі еңбекті қолдануға мүмкіндік беретінін ескере отырып, енді әкімшілік істер бойынша қоғамдық жұмыстарды да қолдану қажет", - делінген жарияланған құжатта.
Құжатта адам ұсақ бұзақылық жасаса немесе қоқысты тиісті жерге тастамай, лақтыра салса, мұндай құқықбұзушы үшін бірнеше АЕК айыппұл орнына қоғамдық жұмыстарды қолдануға болатыны айтылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!