Қоқыстағы сөмкеден сүйегі табылған: Ақтөбеде жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың дерек шықты

12 наурызда Ақтөбе қаласындағы аулалардың бірінен ер адамның сүйегі табылды. Өңір полициясы мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталған.

"Алдын ала мәлімет бойынша күдікті мен жәбірленуші арасында бірге ішімдік ішу барысында жанжал туындап, күдікті жәбірленушіге бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде қоқыс алаңынан ер адам өлі табылғаны хабарланды. 

Tengrinews.kz

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!