Қоқыс үшін 28 млрд теңге: павлодарлық кәсіпорын қомақты айыппұл төлейді

Қоқыс үшін 28 млрд теңге: павлодарлық кәсіпорын қомақты айыппұл төлейді
Фото: depositphotos.com

Павлодардағы кәсіпорынға қоқыс көму лимитін асырғаны үшін 28 млрд теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Табиғатты қорғау прокуратурасы рұқсат құжаттарының талаптары орындалмағанын анықтаған. Осы дерек бойынша тексеріс басталып, нәтижесінде "ЭкоАлем-ПВ" ЖШС-ның қызметінде тұрмыстық қатты қалдықтарды көму көлемі белгіленген лимиттен асқаны анықталған.

"Кәсіпорын Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 328-бабы 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы - 28,4 миллиард теңге", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget