Қоқыс полигондары экологиялық талаптарға сай емес

Қоқыс полигондары экологиялық талаптарға сай емес
Фото: Автордан

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданындағы қоқыс полигондары экологиялық талаптарға сай емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аудан әкімдігі "тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және көмуге арналған 21 полигонның 14-і экологиялық талаптарға сай" деп мәлімдеген. Алайда Жамбыл облыстық мәслихатының депуттары елді мекендерге зерделеу жұмыстарын жүргізгенде "қоқыс алаңдарының айналасы қоршалмаған, қатты қалдықтар жерге көмілгенін" анықтадық дейді.

Айтып өткеніміздей, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ауданда 42 елді мекенде қоқыс полигондарын оңтайландыру үшін бір-біріне жақын орналасқандарына ортақ шоғырландырылған алаң салынғанын айтқан болатын.

"21 полигонның 14-і экологиялық талаптарға сай. Яғни, қоршалған, жер актісі, эмиссиясы бар", - дейді әкімдік мамандары.

Ал зерделеу жұмыстарын жүргізген депутаттар бәрі керісінше екенін айтады.

"Біз аралап шыққан елді мекендердегі полигондардың барлығының қоршаулары құлап қалған. Оны жергілікті әкімдіктегілер де енді көріп, байқаған секілді. Сондықтан депутаттар қойған сұрақтарға жауап бере алмады", - дейді Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Д.Ташқараев.

А.Сырымбет

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы