- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қоқыс лақтырып жүрген...
Қоқыс лақтырып жүрген алматылықтар видеоға түсіп қалды
Қоқыс лақтырып жүрген алматылықтар видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бейне жинақ ПД жедел басқару орталығының материалдары негізінде жасалған. Бұл бөлімшенің бейнебақылау операторлары азаматтар көп жиналатын жерлерге, тұрғын үйлердің аулалары мен көзге түспей қалатын, адам көп жиналмайтын орындарға да орнатылған камераларды тәулік бойы қадағалайды.
"Көптеген азамат камераға көрінбей қаламыз деп ойлайды. Олар қағазды немесе темекі тұқылын лақтырған кезде өздерін ешкім байқамайтындай көреді. Бірақ іс жүзінде теріс әрекеттері бейнежазбаға түсіп қалады және бейнежазба учаскелік инспекторға немесе патрульдік полиция экипажына жіберіледі. Әрқайсымыз атсалысып, салауатты, заңға бағынатын, принципшіл ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосып, сол арқылы "Таза Қазақстан" науқанының жүзеге асуына өз үлесімізді қоса аламыз", – дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Қоқыс тастап кеткен алматылықтарға айыппұл салынатыны бұған дейін хабарланған болатын. Алматыда абаттандыру саласында заңбұзушылықтармен күресу шаралары күшейтілді. Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы қалалық полиция департаментімен бірлесіп, тәртіп бұзушыларды анықтауға бағытталған бірлескен рейдтер жүргізіп жатыр. Сонымен қатар тәртіп сақшылары стихиялық орындарда рұқсатсыз сыртқы жарнаманы орналастыру жағдайларына баса назар аударады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина