17 желтоқсанда сағат 12 шамасында Рудныйда Корчагин көшесіндегі үйдің жанындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Ол полиэтилен пакетке оралған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасап.
"Бұл факт бойынша Рудный қаласының полиция басқармасы ҚК-нің 100-бабы бойынша "туған баланы анасының өлтіруі "бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп түсіндірді Қостанай облысы ПД.
Полиция баланың анасын және жаңа туған нәрестенің денесін қоқыс жәшігіне тастаған адамды іздеп жатыр.
"Егер сіз осы қылмыстың куәгері болсаңыз, полицияға 102, 52-60-22, 52-59-25 нөмірлері бойынша хабарлаңыз", - деді Қостанай облысының полиция департаменті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!