- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қоқыс жәшігінен полиэтилен...
Қоқыс жәшігінен полиэтилен пакетке оралған сәбидің денесі табылды
17 желтоқсанда сағат 12 шамасында Рудныйда Корчагин көшесіндегі үйдің жанындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Ол полиэтилен пакетке оралған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасап.
"Бұл факт бойынша Рудный қаласының полиция басқармасы ҚК-нің 100-бабы бойынша "туған баланы анасының өлтіруі "бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп түсіндірді Қостанай облысы ПД.
Полиция баланың анасын және жаңа туған нәрестенің денесін қоқыс жәшігіне тастаған адамды іздеп жатыр.
"Егер сіз осы қылмыстың куәгері болсаңыз, полицияға 102, 52-60-22, 52-59-25 нөмірлері бойынша хабарлаңыз", - деді Қостанай облысының полиция департаменті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы