- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қоқыс жәшігімен ұрып,...
Қоқыс жәшігімен ұрып, пышақпен қорқытқан: Шымкентте қызы анасынан жәбір көрген
Әлеуметтік желіде әйелдің қызын ұрып-соғып жатқаны туралы бейнежазба тарады. Видеода әйел алдымен жасөспірім қызға пышақпен шабуыл жасайды, содан кейін бетінен қоқыс жәшігімен, қолымен және аяғымен ұрған. Бейнежазбаны зерттеген полицейлер жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, жәбірленуші бірінші некеден әйелдің кәмелетке толмаған қызы болып шықты. Қазіргі уақытта ол әкесінің қамқорлығында.
"Полиция қызметкерлері бейнежазбада көрсетілген адамдарды анықтады. Осы факт бойынша 2024 жылғы 31 наурызда қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Іс Шымкент ПД бақылауында",-деді Шымкент ПД баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы