"Көк Төбедегі" өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 6 қыркүйекте 18:58-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи өрттерді жоюға арналған құрама тобы Медеу ауданы, Жәнібеков көшесіндегі үйдің жанында құрғақ шөптің жануы туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді.
Келген сәтте тау беткейінің 3 гектары алдын ала болжамды аумағын шарпыған учаскелерінде өрт анықталды, қаланың өзара әрекеттесу қызметінің күштері мен құралдары дереу күшейтіліп жұмылдырылған. Өртті сөндіруге, таулы жер, жел және күннің қараңғы уақыты қиындатқан.
Қабылданған жедел шаралардың арқасында 20:22-де өрт толық оқшауланған. Өрт толығымен 20:35-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 19 бірлік өрт сөндіру техникасы мен суару техникасы және 130 адам жұмылдырылған
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!