- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көктөбедегі аспалы жол...
Көктөбедегі аспалы жол наурыз айында ашылады
Фото:
massaget.kz
Көктөбедегі аспалы жол наурыз айында ашылады, - деп хабарлайды парк директоры Нұрлан Қазиев.
Оның айтуынша, барлық жұмыс аяқталды. "Меніңше, Наурызда аспалы жолды ашамыз. Ол жақта бәрі дайын. 26 наурызда ресми ашылу салтанатын ұйымдастырғым келіп отыр", − деді Қазиев. Аспалы жолмен жүру құны бұрынғы бағамен қалады - бір бағытқа 1000 теңге.
Айта кетейік, бұл жоба Көктөбе паркінің өз қаражатынан жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Көктөбе тауына жан-жақты көруге арналған айналмалы дөңгелек орнатылды. Оның көмегімен қаланың, Қапшағай көлінің керемет көрінісін тамашалауға болады.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін