Алматыда Көктөбе телемұнарасында елімізде 19 қазанда атап өтілетін Құтқарушылар күніне орай ТЖМ түстерімен шоу болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Телемұнараның қасбетінде құтқарушылардың рәміздері көрсетілді.
Биыл 9 ай ішінде Алматы ТЖД гарнизонының, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының және ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары оқиға орнына 3 мыңнан астам шұғыл сапар жасады. ТЖ орындарынан 300-ден астам адам эвакуацияланды, 160-тан астам жәбірленушіге көмек көрсетілді, 711 адам құтқарылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз