Көктөбе телемұнарасында Конституция күніне орай шоу болады

Көктөбе телемұнарасында Конституция күніне орай шоу болады
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Телемұнараның медиафасадтарындағы мультимедиялық шоу 30 тамыз күні сағат 21.00-де басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі Алматыда Конституция күніне орай қаланың визиттік картасы Көктөбе телемұнарасының сәулеттік-көркемдік жарықтандыруы іске қосылатынын мәлімдеді.

Телемұнараны жарықтандыру төмендегі кесте бойынша жұмыс істейді:

күн сайын сағат 20.00-ден 2.00-ге дейін мұнараның өзінде динамикалық жарықтандыру қосылады;
2.00-ден 5.00-ге дейін мұнара фондық прожекторлармен жарықтандырылады;
мереке күндері сағат 21.00-ден 2.00-ге дейін мультимедиялық мерекелік бейнеролик қосылып, 2.00-ден 5.00-ге дейін прожектор қосулы болады.

Телевизиялық мұнара әртүрлі шашырау бұрыштары бар 185 TLOS-H прожекторларымен, сондай-ақ ғимараттың 10 деңгейін бірге жарықтандыратын жарық диодты модульдері бар жарық желілерінің медиафасадымен жабдықталған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы