Синоптиктер көктемнің алғашқы күні Қазақстанның басым аумағында жылы ауа райын болжады. Мамандардың мәліметі бойынша, боран мен қардан кейін қазақстандықтарды жылы демалыс күндері күтеді. 29 ақпан мен 2 наурыз аралығында республиканың басым аумағында қауіпті табиғи құбылыстардан тек тұман түседі.
Еліміздің батысында ғана күн бұлтты, көктайғақ пен қатты жел болуы мүмкін.
Бүкіл елде ауа температурасы орташа көрсеткіштен жоғары болады.
Дереккөз: tengrinews.kz