- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көктемнен бері іздеуде...
Көктемнен бері іздеуде жүрген талдықорғандық ШҚО-да ұсталды
Көктемнен бері іздеуде жүрген талдықорғандық Шығыс Қазақстан облысында ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жетісу облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көктемнен бері іздеуде жүрген 21 жастағы жігіт адамдардың көлігін айдап кеткен. Күдікті Шығыс-Қазақстан облысында қамауға алынды.
7 сәуірде жергілікті тұрғын өзінің Toyota Venza автокөлігін белігісіз адамдар айдап кеткендігі туралы қалалық полицияға арызданды. Шетелдік көлікті автокөлік жуу орнынан ұрлап кеткені анықталды, ал оның қызметкері негізгі күдікті болып шықты. Бір тәулік ішінде жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер Сарқан ауданында Талдықорғаннан 150-160 шақырым жерде тастап кеткен ұрланған көлікті іздеп тапты.
"Бұған дейін ұқсас құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған Шығыс-Қазақстан облысының тумасы күдікті болып шықты. Жас жігіттің Өскемен қаласында жасырынғаны белгілі болды. Қазір ол ұсталып сол жерде қамауға алынды", - деді Талдықорған қалалық полиция басқармасында.
Қылмыстық істі тергеу ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша жүргізілуде. Күдіктіні қылмыс жасалған орны бойынша Талдықорғанға айдауылдау мәселесі шешіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина