- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көктемгі диета қандай...
Көктемгі диета қандай болуы керек? Диетолог жауап берді
Көктемде диетаны жеңілдету керек. Ауыр еттің орнына балықты, сондай-ақ көкөніс салаттарын қосу маңызды. Бұл туралы диетолог әрі "Легко с Жанной" арықтау жобасының авторы Жанна Коробейникова Радио 1-ге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі health.mail.ru-ға берген сұхбатында.
Ол жаңа маусымға денені қалпына келтіру үшін қажетті дәрумендердің көп мөлшерін қамтитын жасыл, көкөністер мен жемістерді көбірек тұтынуды ұсынады.
"Көктемнің басталуымен тамақтанудың таптырмас құрамдас бөлігі - жасыл желектер. Біз өскіндерді, өскен дәндерді, микрожасылдарды барлық тағамдарға қосамыз. Сондай ақ жасыл пияз туралы да ұмытпау керек. Оның күшті антиоксиданттық қасиеттері бар. Ол денсаулықты жақсартып, иммунитетті көтеріп, жастық және сұлулық қалпыңызды сақтауға көмектеседі", - дейді Жанна Коробейникова.
Сонымен қатар, сарапшы «Гарвард тақтасы» ережесін сақтауға кеңес береді. Ол тәрелкенің жартысын көкөністерге, шөптерге, жемістерге немесе жидектерге, төрттен бірін ақуызға және төрттен бірін күрделі көмірсуларға толтыру керек деп есептейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов