Балық, нәлім бауыры, қырыққабат, киви және зәйтүн теріні көктемге дайындап, жарқыратады. Бұл туралы эндокринолог, диетолог Ангелина Водолаская айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.ру" сілтеме жасап.
Сарапшы, ең алдымен құрамында омега-3 май қышқылы көп қызыл балықты тұтынуға кеңес берді. Омега-3 май қышқылының арқасында аяздан кейінгі терінің күйі жақсарады, ал балық құрамындағы астаксин терінің жас және сау күйін сақтауға мүмкіндік береді.
Қыста теріге нәлім (треска) бауырында болатын D дәрумені жетіспейді. Бұл өнімде теріні ультракүлгін сәулелерден және көк жарықтан қорғауға көмектесетін А дәрумені бар. Алайда, маман нәлім бауырын қалыпты мөлшерде тұтыну керегін ескертті.
Сонымен қатар, дәрігер құрамында С және К дәрумендері бар қырыққабат және кремнийді жеуді ұсынды.
"С дәрумені теріні өлі реңінен шығарып, иммунитетті күшейтеді. Кремний терідегі коллагеннің түзілуін жақсартады және шаш пен тырнақтың денсаулығын сақтайды", - деді Ангелина Водолаская.
Бұдан бөлек, маман Жерорта теңізі диетасындағы маңызды элементтердің бірі - зәйтүнді тұтынған жөн екенін жеткізді. Зәйтүн құрамындағы гидрокситиазол теріні қайта жандандырып, өңін тегістейді.
Құрамындағы полифенолдардың арқасында терінің қорғаныс функциясын күшейтуге және бет терісін жақсартуға мүмкіндік беретін тағы бір өнім - киви. Жемісте С дәруменінің қажетті мөлшері бар.
Диетолог теріні ішінен ылғалдандыру үшін суды қажетті мөлшерде ішу керегін еске салды. Оның сөзінше, күніне кемінде 1,5–2 литр су ішу керек. Оған қоса, көктемге дайындық кезінде терінің күйін жақсарту үшін қосымша дәрумендер қабылдаған жөн екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін теріге зиян тигізетін 5 әдет хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қарбыз екі тең бөлікке бөлінді. Кесілген бөліктегі шенбердін радиусы 15 см. Қарбыздын диаметрі қандай болып еді?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!