- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көктемде шашыңыздың күйін...
Көктемде шашыңыздың күйін жақсартатын арзан 6 өнім
Егер ағза тұтынылған тағамдардан жеткілікті мөлшерде дәрумен ала алмаса, тапшылық шашқада да әсерін беріп, оған ешқандай сусабын, маска мен бальзам көмектеспейді. Шашыңыздың жылтырлап, қалың, әсем күйде болғанын қаласаңыз, ас мәзіріңізге мына тағамдарды қосыңыз.
1. Жұмыртқа
Ақуыз және биотин - сау шаштың екі маңызды құрамдас бөлігі. Егер шашыңыз тым баяу өсетін болса, күн сайын таңғы асқа жұмыртқа тұтыныңыз, біршама уақытта айырмашылығын байқайсыз. Сондай-ақ, жұмыртқаның сарысында шаш саулығы мен күйіне қажет D дәрумені көп.
2. Бұршақ
Бұршақты көбірек тұтынған жөн. Өйткені, ол өсімдік ақуызы мен темірдің ең маңызды көзінің бірі, оның тапшылығы шаштың шамадан тыс түсуіне әкеп соқтырады.
3. Картоп
Шашыңыздың ұзын әрі берік болғанын қаласаңыз, картоп жеңіз. Өйткені картоптың құрамында шаштың өсуін тездететін А дәрумені, сондай-ақ қалың және сау шашқа қажет В6 дәрумені бар.
4. Йогурт
Ақуыз - ағза жасушалары мен шаш үшін маңызды компонент.
Сонымен қатар, кальций сүт өнімдерінде көп, оның тапшылығы 40 жастан кейін ғана байқалады. Сондықтан майлы йогуртты көбірек жеген жөн, бірақ оның құрамында қант пен басқа зиян қоспалар болмауы шарт.
5. Жаңғақтар
Калория мен пайдалы майлар жүрек-қан тамырлары саулығына ғана емес, шашқа да пайдалы. 2015 жылы ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, омега-3 және омега-6 май қышқылдарын жеткілікті мөлшерде жеу шаштың түсуін азайтып, өсуін ынталандырады. Оған қоса, жаңғақтарда В дәрумендері, магний, мырыш және Е дәрумені көп, олар шашты жасушалық деңгейде қорғауға көмектеседі.
6. Тәтті бұрыш
А дәрумені, мырыш, селен, фолат және, әрине, С дәрумені - бұл пайдалы дәрумен мен минералдың барлығы түрлі-түсті тәтті бұрыштарда бар. Егер оларды жиі жесеңіз, ағзаға коллагенді синтездеу оңайырақ болады, ол әдемі және серпімді теріге ғана емес, сонымен қатар күшті, сау шашқа да қажет.
Айта кетейік, бұған дейін босанғаннан кейінгі шаштың түсуін қалай тоқтатуға болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Антропогендік айналым дегеніміз не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә