Көктем келіп, күн жылығанда кейбір адамдар аллергиядан зардап шегеді. Мұрыннан су ағу, түшкіру, қызару, қышу, дененің бөртуі секілді жағымсыз белгілердің күделікті қарапайым әдеттер арқылы алдын алуға болады. Massaget.kz тілшісі арнайы тізім жасады.
Ауа кептіргіш сатып алыңыз…
Егер пәтер дымқыл болса, қабырғалар көгеріп, шаң кенелері жиналады, ал бұл ағзаны тітіркендіретін аллерген. Мұндай жағдайда ауаның ылғалдылығын төмендетуге ауа кептіргіш жақсы көмектеседі.
Ауа баптағыш
Ағза тітіркенбеуі үшін көктемде терезе мен есік-тесікті мықтап жабуға тырысу - дұрыс емес. Оның орнына, аллергендердің бөлмеге кірмеуі үшін стационарлық ауа баптағыш сатып алыңыз немесе мобильді түрін жалға алыңыз. Егер сүзгілер уақытылы ауыстырылып, тазаланса, аллергиясы бар адамдарға жақсы көмектесе алады.
Дәрі-дәрмектерді алдын ала қабылдап бастаңыз
Әрбір аллергиядан зардап шегетін адамның қолында міндетті түрді дәрі-дәрмектері болады. Ал аурудың алдын алғыңыз келсе, дәрі-дәрмекті маусым басталғанға дейін қабылдаңыз. Олар сізге жақсы көмектесуі үшін 7-10 күн керек. Бірақ алдымен дәрігермен кеңесіңіз.
Матрас пен жастыққа қап сатып алыңыз
Аллергия қозатын маусымда төсек-орынды мүмкіндігінше жиі ауыстырған жөн. Матрас, жастық, көрпе секілді жуып, тазалауға болмайтын төсекке де аса ден қою керек. Сондықтан оларға шаң өткізбейтін арнайы қап сатып алған дұрыс, олар төсек пен ағзаны аллергендерден қорғайды.
Сырттан үйге кірген сайын мұрынды жуып отырыңыз
Әсіресе ұзақ уақыт бойы сыртта жүріп, физикалық жұмыс істесеңіз, мұрынның ішін теңіз суымен жуған жөн.
Айта кетейік, бұған дейін көктемгі аллергия: Білу керек 15 кеңес хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Ораза кезінде той жасауға бола ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!