- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көктем кешігіп жатыр"....
"Көктем кешігіп жатыр". Әлеуметтік желіде бірыңғай уақыт белдеуі жайлы қандай әзілдер тарады?
1 наурызда сағат 00:00-де Қазақстан ресми түрде бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Бұл тақырып аясында адамдар әлеуметтік желіде түрлі мемдер мен қалжыңдар ойлап тапқан. Massaget.kz тілшісі бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты тараған әзілдерді ұсынады.
Уақыт өзгерген соң қазақстандықтардың көпшілігінің гаджетінде уақыт автомат түрде ауыспаған. Адамдар уақытты қолмен өзгертуге мәжбүр болды, кейбірі тіпті уақытты жаңарту үшін құрылғыларын сөндіріп, қайта қосқан. Алайда уақытты бәрібір өзгерте алмағандары да бар.
Гаджетінде уақыт белдеуі автомат ауыспағандардың арасында "Андроид көктемді қалайды, қысқа қайтқысы келмейді" дегендер де болды.
Тіпті кейбір адамдар әлі жұмыста екенін, бірыңғай уақыт белдеуінен кейін жұмысы бұзылған сервистерді жөндеп отырғанын жазған.
Туған күнін 4 жылда бір рет тойлайтындар бұл жолы жеке мерекесін 25 сағат бойы атап өтті.
@araitgh17 ♬ оригинальный звук - Nurzhigit_nrg
Желі қолданушылары бірыңғай уақыт белдеуіне көшкендіктен жұмысқа бару үшін ұйқыдан қай уақытта ояну керегін түсінбей, дал болды.
@atanazarova__ #elbruso #рекомендации #fupシ #врек #переписка #время ♬ оригинальный звук - 10:41
Уақыттың қалай өзгеретінін түсінбеген кейбір қазақстандықтар тіпті сағаттың бетіне сандарды жазып қойған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейбір адамдар түсінбей ғана қоймай, салғыласып, өзара сөзге келіп қалған.
@t_ddina 1 ші часть ??сіздерде әлі түсінбей жатсыздар ма??
♬ оригинальный звук - d_ddinaa
Әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманы көп арналар да түрлі қалжың қалдырды. Мысалы, "Qumash" Telegram-арнасы "Алға, Қазақстан!" тіркесін керісінше "Артқа, Қазақстан!" деп өзгертті.
Бұған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған, олардың арасында "көктем кешігіп жатыр" деп әзілдеген адамдар да табылды.
Басқа парақшалар биылғы ақпан айын Қазақстан тарихындағы ең ұзағы деп таныды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне өткендіктен, сағаты артқа жылжыған қала тұрғындары таңертең күннің өте жарық болғанын жазған.
@aidargoyy На улице Поярче стало #яркий #казахстан #часы #астана #fyp #rge #rek #on #алматы #fc24 #школа ♬ original sound - Sav
Тағы да оқи отырыңыздар: Алғыс айту күніне арналған өлеңдер
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә