Көкшетау көшелерінде "кішкентай көл" пайда болды. "Радиозауыт" аялдамасы маңындағы көлшіктен халық өте алмай, әуреге түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала тұрғындардың айтуынша, жол жиегіндегі арықтар тазаланбауынан тіпті кей көшелерде мұндай арықтар болмауы салдарынан әр көктем сайын шағын "көлшіктер" пайда болады.
"Мұндай көлшіктердің пайда болуы алғаш рет емес. Көктемде де, жазда да, күзде де жаңбырдан кейін адам жүре алмайды. Автобустар аялдама болғандықтан судың ортасында адамдарды түсіруге мәжбүр болады. Басқа қайдан түсірсін?! Судан секіріп, автокөліктер ағылып жатқан жолдың үстімен айналып, аяқкиіміміз малмандай болып үйге жетеміз", - дейді қала тұрғыны Әзина Рамазанова.
Ал Көкшетау әкімдігіне қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілі су жиналған сайын тазаланып отыратынын айтады.
"Қазір "Радиозауыт" аялдамасы маңындағы суды сору жұмыстары атқарылып жатыр. Су жиналған сайын сорып отырамыз", - дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілі.
Абзал Алпысбайұлы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!